Пікір

Кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру — басты бағыт

Айнагүл НИЯЗОВА,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе облысы бойынша аймақтық филиалы директорының орынбасары. 

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауын «Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат — бизнес — мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады» деп бастаған болатын. Сондай-ақ ел Президенті айтқан жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі — жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру. Біздің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да қаржы институты ретінде еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп келеді. Осы бағытта жұмыс істеп келе жатқанына биыл 25 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда.

Облыс кәсіпкерлері біздің қолдау жобаларымызбен таныс. Оның бірі — сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіру.Қордың кепілдігі не үшін қажет? Өздеріңіз білетіндей, кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктерге несие алу үшін жүгінген кезде, міндетті шарттың бірі — кепіл мүлкін ұсыну. Кепіл мүлкі жеткіліксіз болған немесе болмаған жағдайда кәсіпкердің осы қолдауды пайдалануға, яғни қордың кепілдігін алуға мүмкіндігі бар.

Ұлттық жобаның бағыты — микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау, онда ісін жаңа бастаған, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кредит сомасының 85 пайызына дейін қордың кепілдігі беріледі.Бағдарламаға сауда қызметін қоспағанда (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі), барлық саладағы микро және шағын бизнес субъектілері қатыса алады. Инвестициялауға несие сомасы20 миллион теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға5 миллион теңгеге дейіналуға болады. Кепілдік несие мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Осы бағыт шеңберінде кәсіпкердің кепілсіз қарыз алу мүмкіндігі бар, өйткені бағдарлама шарттары бойынша банктердің кепіл талап етпеуге, кредитті қордың кепілдігімен ғана беруге құқығы бар.Ұлттық жоба аясында «Кәсіпкерлерді немесе индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша ісін жаңа бастаған, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кредит сомасының 85 пайызына дейін қордың кепілдігін ала алады.

Ақтөбе облысында биылғы өткен сегіз ай ішінде несие сомасы 32,4 млрд теңгені құрайтын 916 жоба қолға алынды. Сомасы 8,2 млрдтеңгеге 969 жоба үшін кепілдік шартына қол қойылды. Биылғы 8 ай нәтижелері бойынша Ұлттық жоба шеңберінде Ақтөбе өңірі қолдау тапқан жобалар саны бойынша елімізде бірінші орында тұр.

Айта кету керек, «Даму» қоры екінші деңгейлі банктермен тікелей жұмыс істейді, сұрақтар туындап, кеңес алу қажет болса, «Даму» қорының филиалына тікелей келуге болады. Біздің мекенжайымыз Ә.Молдағұлова даңғылы, 30-үйде орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button