Пікір

Жаңа дәуірдің айғағы

Жұлдыз ҚОЖАБЕКОВА,

облыстық мәслихаттың депутаты:

—Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, оған Мемлекет басшысы қол қойды.

Енді ел Президенті бір ғана мерзімге және жеті жылға сайланатын болады. Бұл — елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясындағы маңызды қадам.
Президент өкілеттігінің бір ғана мерзіммен шектелуі— ел тарихында бұрын болмаған саяси үдеріс, қоғам бұл қадамғамемлекетіміздің алдағы дамуына оң әсерін тигізеді деп, сеніммен қарап отыр. Бұл болашақтақандай да бір күштердің билікті монополизациялау қаупін де сейілтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: «Жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты нығайтып, қоғамдық құрылыстың қазақстандық үлгісін орнықтырады. Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын сайлаудан кейін Парламенттің қарауына ұсынамын. Парламент оң шешім қабылдаса, Отанымызда жаңа саяси дәуір басталады»,— деген  еді. Міне, сол жаңа саяси дәуір келді, ендігі уақытта әділ әрі ашық ережелері бар саяси жүйенің жаңа стандарттары енгізіледі деп сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button