Пікір

Ел бірлігі ерекше маңызды

Абай ЖҮСІПОВ,
облыстық полициядепартаментінің бастығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал-қына арнаған кезекті Жолдауын ақтөбелік полицейлер де мұқият тыңдап, онда айтылған оң өзгеріс-терді қолдады.
«Еліміздің табысты дамуы үшін бізге халықтың бірлігі ауадай қажет» деген Президенттің сөзі осы уақытта өте орынды айтылды. Қазіргідей әлемде геосаяси жағдай ушыққан мезгілде бізге ауызбіршілік, ортақ мүддеге қарай бірігу бәрінен де маңызды. Өз тарапымыздан біз, полицейлер, алдағы уақытта да кез келген арандатушылықты, тәртіпсіздік пен заңбұзушылықты болдырмауға бар күш-жігерімізді саламыз.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында әлеуметтік желілер арқылы кедергісіз сатылатын, тіпті үйге жеткізілетін синтетикалық есірткінің өндірісі мен таралуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Тұрмыстық қылмыстар, интернет алаяқтығы деректері туралы да сөз қозғады. Қылмыстың бұл түрлерінің жолын кесуде полиция қызметкерлері басты рөл атқаратыны белгілі. Осы ретте қылмыстың қайталануын болдырмау үшін ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау ұсынылып отыр.
Алдағы барлық өзгерістер қылмыстың алдын алуға оң әсер ететініне сенімдімін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button