Пікір

Өзгерістер — қоғамның траснформациялануының алғышарты

Гүлжанат ЕРҒАЗИНА,

облыстық мәслихат депутаты, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы: 

—   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан қоғамның барлық саласында тың өзгерістердің орын алатыны, яғни тұтас қоғамның траснформацияланатыны айқын көрінеді.

Бұл Жолдауда бұрынғы Жолдауларда мүлде айтылмаған, айтылса да, тереңірек талқыланбаған мәселелер көтерілді. Мен аталған стратегиялық құжаттағы маңызды тұстарды ең алдымен ана ретінде, екіншіден қаржы институтының маманы ретінде айта кетейін:

Ана ретінде мені алдағы жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту, «Ұлттық қор — балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, осы бағдарлама аясында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару, ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру, әйел адамдардың зейнетке шығу жасын 61 жасқа дейін төмендету секілді бастамалар қуантты.

Қаржы институты өкілі ретінде айтарым —  Президенттің экономиканы түбегейлі реформалау бағытындағы бастамалары бүгінгі қоғамның сұраныстарын дөп басты. Біріншіден, Президенттің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады, бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Бұл — нағыз дер кезінде қолға алынған мәселе, себебі мемлекеттік сатып алу кезінде алдымен сапағаемес, бағаныңтөменболуынамәнберіліпкелді, ал сапаныңжоқтығыжүргізілетінжұмыстыңдасапасыздығынажол ашады. Осы ретте Президент  «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңазаңқабылдау қажеттігін айтты.

Сонымен бірге салық заңдылығына да өзгерістер енгізілмек. Бұл ретте 2023 жылы  салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылатын жаңа Салық кодексі әзірленеді. Бұл өзгерістер әрбір қазақстандық үшін аса маңызды.

Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында жаңа ережелер бекітіліп, мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән берілетін болды. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту басты назарға алынады. Себебі, Президент айтқандай, осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. СондықтанҚасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыруды стратегиялық міндет ретінде белгілеп, Үкіметке агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тапсырма берді. Берілетін субсидияның тиімділігі жоғары болуы керектігі, бюджет қаражатының қайтарымы болуы, мемлекет қаражатын оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермеу мәселелері де дер кезінде айтылды. Алдағы жылдан бастап еліміздің агроөнеркәсіп кешені жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істейтін болады. Президент шағын және орта бизнесті қаржыландыру, нақты секторды тұрақты әрі қолжетімді  несиемен қамтамасыз ететін нақты шешімдер қабылдау үшінҰлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Үкіметке тапсырма берді.

Президент көтерген барлық реформа жүйелі түрде жүзеге асырылатын болса, Жаңа Қазақстан, Әділетті мемлекет орнату идеясы іс жүзінде жүзеге асырылатыны сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button