Пікір

Халықтың түрмысы жақсарады

Жоламан БАКИЕВ,

Қопа орта мектебінің мұғалімі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын темірлік мұғалімдер зор ықыласпен тыңдады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер қамтылған құжаттың маңызы зор.

Ел Президенті Қазақстанда электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу желілерінің 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозғанын, аталған көрсеткішті 15 пайызға дейін азайтуды міндеттеді.  Меніңше, аталған мәселе уақытында көтерілді әрі бұл көптеген апаттарды алдын алуға септігін тигізеді. Инфрақұрылымды жаңарту халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуда оң қадам екендігі сөзсіз.

Сондай-ақ «Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемеге айналады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады» деген сөзін ерекше қуанышпен қабылдадым. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындарына ақжолтай хабар. Алдағы уақытта ауылдағылар денсаулығын түзеу үшін облыс орталығына сабылмайтын болды. Мұнымен бірге жол, салық, білім беру, қауіпсіздік,т.б. маңызды салалар бойынша көптеген мәселелер көтерілді разы қылды. Енді соның іс жүзінде орындалуын күтеміз.

Жолдаудың ең басты жаңалығы — ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударылатын болды. Бұл ертеңгі  күнге сенім ұялатты. Балалар өз есепшоттарындағы қаржыға білім алып, тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болса, бұл ата-аналарға көмек болар еді.

Ең бастысы, әр бастама оң болсын!

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button