Пікір

Міндеттерді ұйымшылдықпен іске асыру жолы

Амангелді НҰҒМАНОВ,

облыстық мәслихат хатшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы —  халқымыздың алдында тұрған проблемаларды шешуге бағытталған жаңа бағдарламалық құжат.

Мемлекет басшысы қоғамдағы өзекті мәселелерді мұқият талдап, оларды шешудің дұрыс жолдарын ұсынды.

Мысалы, ел Президентінің денсаулық сақтау саласында қаржыландыру жүйесін ретке келтіру, медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсарту, осы салада ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру туралы бастамалары қуантты. Президенттің шешімі бойынша 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, жабдықталатын болды. Бұл — ауыл халқы үшін үлкен жаңалық.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтаушы шоттарына аудару туралы шешімі де халықты қуантып тастады. «Ұлттық қор — балаларға» жобасы әрбір отбасына елдің ұлттық байлығынан нақты қолдау алуға мүмкіндік береді.

Ел Президентінің тағы бір маңызды шешімі — келесі жылы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттыратын Парламент құрамын жаңарту еліміз үшін өте маңызды. Осындай бастамаларды тиімді жүзеге асыру үшін қоғам ұйымшылдықпен белсенді жұмыс істеуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button