Ауыл
Спорттық алаң ашылды

Темір ауданына қарасты Жақсымай бекетінде спорттық алаң ашылды.
Аталған алаңның құрылыс жұмыстары маусым айында басталған еді. Жоба құны — 8,5 миллион теңге. Мердігер — жеке кәсіпкер Әділбек Батыров.
Алаңға газон салынып, екі бұрышқа қақпа орнатылған. Жан-жағы қоршалған.
Спорттық алаңның ашылуына қатысқан Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев бұның салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ашылғанын айта келе, жаңа нысанды тұрғындардың ұқыпты пайдалануына тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы билік өкілдері жауапты мамандарға спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында осында бұқаралық шараларды жиі ұйымдастыруды тапсырды.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.
Темір ауданы.