Білім

Құрметті ұстаздар!

Қымбатты оқушылар, ата-аналар!

 

Сіздерді 1 қыркүйек Білім күнімен,  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын.

Білім — адам өміріндегі сарқылмас қазына. Адам баласыбарлықарман, мақсаттарына тек білімарқылығана жете алады.

Әлемдік өркениетке бет алған біздің еліміздің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

Облыстың барлық білім беру мекемесі есігін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген  жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.

Бірінші қыркүйек — жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені — Білім алу!

Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды сала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарында.Себебі бүгінгі оқушы — білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, бірнеше тілді еркін меңгерген тұлға ретінде ертең егемен елдің егесі болатын азамат.

Сондықтан мереке қарсаңындаұстаздармената-аналарға—бірлескен еңбектеріңіз балаларымызды білім шыңына жетелеп, бәсекеге қабілетті, отаншыл азамат,Жаңа Қазақстанның Туын биік ұстайтын тұлға ретінде қалыптастырады деп сеніммен айта аламын.

Құрметті ұстаздар!

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!

Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар дегім келеді. Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! Болашақ сіздердің қолдарыңызда!

Мереке құтты болсын!

 

Ералы ТОҒЖАНОВ Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button