Ауыл

Үш спорт кешені салынып жатыр

Қарғалы

Қарғалы ауданында жыл соңына дейін үш денешынықтыру және сауықтыру кешені бой көтермек. Сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру бойынша жобалар да қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. 

Біз барғанда Петропавл ауылындағы орталық саябақта абаттандыру жұмыстары жасалып жатты. Мердігер ұйым — «Ali Group ST» ЖШС директоры Айбек Құрманалиннің айтуынша, маусым айында басталған жөндеу, жабдықтау жұмыстары қыркүйектің ортасына дейін аяқталады. «Саябақты жаңадан қоршадық, сахна салып, балалар ойын алаңын орнаттық», — дейді мердігер ұйым басшысы.

Ауылда сондай-ақ құны 316 млн теңге болатын ангарлық үлгідегі денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Дәл осындай үлгідегі кешен ҚосЕстек ауылында да бой көтеріп келеді.

— Қарғалы ауданында біраздан бері тоқтап қалған тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қайта жанданды. Жыл соңына дейін Қарғалы ауданында 3 денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі, — дейді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button