Мереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Барша ақтөбеліктерді облыстық мәслихат депутаттары атынан Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция күні — еліміздің ең мерейлі мерекелерінің бірі. Еліміздің негізгі заңы

бұдан 27 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған еді. Осы уақыт ішінде Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді нығайтып, экономикамызды ілгері бастырып, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды.

Қазіргі құбылмалы геостратегиялық жағдайда еліміздің, бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған міндеттерді абыройлы орындау, халықтыел басқару ісіне көбірек қатыстыру, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейту мақсатында, биылғы 5 маусымда елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын сәтте халқымыз тағы да ынтымақ-бірлігі мен жауапкершілігін көрсетті, өзінің таңдауын жасады. Осылайша Ата Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолында аса маңызды қадам жасалды.

Азаматтардың еркіндігін, қоғамның қауіпсіздігін, жеріміздің тұтастығын, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған Конституциямызды, онда айқындалған құндылықтарды әрқайсысымыз көзіміздің қарашығындай көріп, қастерлеуге тиіспіз. Бұл бүгінгі лайықты өмір үшін де, ұрпақтарымыздың жарқын болашағы үшін де қажет.

Мен баршаңызға отбасында бақыт, еңбекте жеміс тілеймін. Аспанымыз ашық, дұшпанымыз қашық, ел-жұртымыздың мерейі үстем болғай!

Амангелді НҰҒМАНОВ,

облыстық мәслихат хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button