Мереке

Мерекеге арналды

Ақтөбе қалалық орталық кітапханасында Конституция күні мерекесі қарсаңында «Ардың шыңы — Ата Заң» атты әдеби кейс ұйымдастырылды.

Шараға Астана және Алматы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен есепте тұрған жастары, «Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, еріктілер, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының және №57 орта мектептің оқушылары мен «Шаңырақ» отбасылық клубының мүшелері қатысты.

Кеш барысында пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Әлібек Егенов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің белсендісі Қадірбек Рахимов, «Аңсар» ақпараттық орталығының директоры Нұрсұлтан Жаншин мерекемен құттықтап, егемендігі еңселі, тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетіміз туралы өз ойларымен бөлісті.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының және №57 орта мектептің оқушылары патриоттық тақырыпта өлең-жырларын ұсынды. Сондай-ақ кітапхана қызметкері Назерке Абатқызы «Ата Заңым — айбыным» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Кеш соңында белсенді оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Көркем БАЙЧЕРКАСС,

Ақтөбе қалалық

орталық кітапханасының

меңгерушісі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button