Денсаулық

Денсаулықты түзеу отбасын да нығайтады

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысында репродуктивті денсаулық, қатерлі ісік ауруларының алдын алу мәселелері қаралды.

Көшпелі отырыс Ақтөбедегі №1 қалалық емхананың ғимаратында өтті. Негізгі мәселелер бойыншаоблыстың жетекші дәрігерлері баяндама жасады.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде әйелдер мен ерлер арасында бедеулік мәселесі асқынып, бұл отбасының бұзылуының негізгі себептерінің біріне айналып отыр. Осыған байланыстыелімізде 2021 жылдың қаңтарынан «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бағдарлама бойынша 2021 жылы облыста 324 отбасыға сәби сүю мүмкіндігі ұсынылса,2022 жылы мұндай квота алған отбасылар саны —322.

Жалпы облыста бала туу жасындағы 1862 әйелге денсаулық жағдайына байланысты жүктілікке мүлде рұқсат берілмей отыр.

Қатерлі ісік аурулары арасында да ең көп кездесетіні — сүт безі обыры екен. Биыл осындай 100 жағдай тіркелген болса, ал асқазан, өкпе обырына шалдыққандар арасында әйелдерден гөрі ер адамдар көп.

Ал іштегі баланың дамуында түрлі ауытқушылықтар болған жағдайда, генетиктің кеңесімен жүктіліктен бас тарту ұсынылады. Бұл Даун синдромы, басқа да туа бітті дерттермен дүние келетін балалардың санын азайтады. Сондықтан жүкті әйелдерге ертерек есепке тұру, генетик кеңесін алу, тиісті тексерулерден уақтылы өту ұсынылады.

Комиссия отырысында осы мәселелер жан-жақты талқыланып, жиын қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарынаерлер мен әйелдердің денсаулығын жақсарту бағытында бірқатар нақты ұсыныстар жолданды.

 А. САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button