Ауыл

Тарихи жерлерді аралады

  • Ойыл

12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Ойылда «KOKZHAR LOVE» атты шара өтті.

«KOKZHAR LOVE» аясында ауданның тарихи жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Қонақбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусин, аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен жастар қатысты. Жастар ауданның тарихи орындарын аралай жүріп, халқымыздың өткен ғасырдағы тарихынан жан-жақты ақпарат алды.

Одан әрі жастар табиғат аясында демалды және аудан әкімімен бейресми кездесуге қатысты.

Соңынан жиналғандар өнерпаз жастардың ән-күйін тыңдады.

Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button