Құқық

Жол апаты салдарынан 4 адам мерт болды

Покровка-Жаңажол автожолының 75-шақырымында болған жол апаты салдарынан төрт адам мерт болды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button