Денсаулық

Марат Омаровтың еміне көмек керек

  • Бірге көмектесейік

Қурайлы ауылының тұрғыны Марат Омаровтың еміне көмек керек. Оған қойылған диагноз — асқазан аденокарциномасы.

Зайыбы Гүлнар Көшербаеваның айтуынша, ауру белгілері жыл басынан бастап байқалған.

— Узи маманы «ота жасатып, асқазанды түгел алып тастау керек» деп диагнозын бірден өзіне айтыпты. Тіпті жаңағыдай жағымсыз сөздерден соң Марат қатты жабығып, ауруы тіпті асқынып кетті. Жұрттан естіп, ем іздеп Ташкентке де барып келдік. Ол жақта он шақты күндей дәрігердің жетекшілігімен ашығып, арнайы дайындалған ас ішті. Сегіз келідей салмақ тастады. Негізі ем курсы үш ай екен. Алайда күйеуім елге қайтуды жөн көрді. Ауылға келген соң, қытайдың да, қазақтың да емін көрдік.

Бір көршіміз Түркиядан емделіп келген екен, сол кісіден дәрігердің мекенжайын алып, Мараттың медициналық құжаттарын, узи картиналарын жіберіп кеңес алдық. Олар емдеу үшін 15 миллион теңге қажеттігін айтты. Енді сол қаражатты жинауға кірістік. Марат әуелі бұл ісімізді қолдамады, балалары қоймай айтып, көршіміздің де әңгімесі үміт сыйлап, келісті. Енді қайырымды жандардың септігі тиіп кетсе, жақсы болар еді. Бізге көмектескен жандарға Алла риза болсын! Жақсылықтары өздеріне еселеніп қайтсын, — дейді Марат Омаровтың зайыбы.

Енді бұл отбасы басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге көпшіліктен қаржылай көмек сұрайды. Емге қажет 15 миллион теңгенің бүгінгі таңда 682 мыңы жиналыпты. «Көп түкірсе — көл».

Реквизиттерін ұсынып отырмыз:
Kaspi Gold: 5169 4971 1650 6217; тел.: 8 705 988 0966.
Қоңырау шалу үшін: 8 771 414 3232.

А.БАЛЖАНАЙ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button