Мереке

Теміржолшыларға құрмет көрсетілді

  • Мереке

Темір аудандық Мәдениет үйінде үздік теміржолшылар марапатталып, шойын жолдың бойында еңбек еткендерге арналған ерекше мерекелік шара ұсынылды.

Тамыз айының алғашқы жексенбісі көлік қызметкерлерінің төл мерекесі екені белгілі. Оның үстіне, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ға биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай аудандағы жолаушылар көлігі мен тасымалы саласында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет етіп, дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан еңбеккерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Темір ауданына ерекше еңбегі сіңген» және «Ерлікке құрмет» төсбелгілерімен марапатталды. Мерекелік кеш барысында атқарушы билік өкілдері темiржол саласындағы еңбегі үшін бірқатар азаматқа ризашылығын білдіріп, сый-құрмет жасады.

Артынша аудандық Мәдениет үйіне жиналған теміржолшылар талантты артистердің өнерін тамашалады.

Алау АЙБЕК.
Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button