Мәдениет

Индонезияда Димашқа арналған көрме өтті

  • Көрме

Индонезияның астанасы Джакартада жерлесіміз, әнші Димаш Құдайберген мен қазақ халқының мәдениетіне арналған он күндік көрме өтті, деп хабарлайды dimashnews сайты.

Көрме Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылды. Онда әншінің концерттерінің бірі көрсетілді, сондай-ақ Қазақстан туралы суреттер мен кәдесыйлар ұсынылды. Аталған іс-шара тегін өтті.

Көрмені Қазақстан Республикасының Индонезиядағы елшілігі мен Индонезия Республикасының елордадағы елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайбергеннің DIDFC индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды.

Ашылу рәсімінде Димаштың жанкүйерлері «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар қойды. Аталған әндер түпнұсқада және индонезиялық нұсқада шырқалды.

Димаштың шығармашылығымен танысқаннан кейін қазақ тілін үйренген оның жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» поэмасын оқып, қонақтарды таң қалдырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button