Жастар

Жастар пікір алмасты

  • Байқау

Amanat партиясы жанындағы жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар рухы: терең білім, адал еңбек және отаншылдық» тақырыбында басқосу өтті.

Мұндай басқосу Ақтөбеден бөлек, Павлодар, Орал, Шымкент және Семей қалаларында да ұйымдастырылды.

«Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалы «Бір толқында» алаңында өткен шарада Президент үндеуінде айтылған Жаңа Қазақстанның жастары үшін үш маңызды бағыт — терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттер туралы сөз қозғалды.

Кездесуде Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Мира Балтымова, облыстық жастарды қолдау кеңесінің мүшелері Нарқозы Қартжан мен Райбек Сағадатов сарапшылық етіп, жастардың ой-пікірлерін тыңдады.

Талқылауға съезд делегаттары, белсенді жастар, жергілікті мәслихат депутаттары және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысып, Президент үндеуінде айтылған бағыттарға байланысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button