Жастар

Жастар бас қосқан жиын

  • Форум

Сейсенбі күні аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Байғанин ауданында облыстық жастар форумы өтті.

Форумға облыстағы аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары және аудандағы белсенді жастар қатысты.

Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Әсет Жеткізгенов форумды ұйымдастырудағы мақсат —  ауданның туризм саласын дамыту, осы салада жастардың атқарған қызметтерін көрсету екенін атап өтті.

Форум аясында басқа аудандардан келген жастарға аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ернұр Матжан орталықты таныстырып, онда орналастырылған ауданның электронды картасы, 3D көзілдірік және тарихи-мәдени мәліметтер жинақталған көрнекіліктерді көрсетті. Ал аудандық музей директоры Ләззат Жаулина электронды карта арқылы ауданның мәдени-тарихи жәдігерлерімен және олардың тарихы, атауларының мағынасымен таныстырды.

Форум барысында TedX форматында аудан әкімінің орынбасары Әсет Жеткізгенов пен облыстық жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Ардақ Бекниязова жастармен кездесті.

Мұнда Байғанин, Қарғалы аудандары жастарының туризм саласына қосқан үлестері, атқарған жұмыстары таныстырылды.

Әр ауданнан келген көшбасшы жастар облыстағы туризм саласының болашағы, осы бағытта атқаратын алдағы жоспарлары туралы ой қозғап, өз идеяларымен бөлісті.

Форум соңында жастар аудан орталығына ең жақын орналасқан туризм ошағы — Аққұм-Сағыз құмды алқабына барды. Бұл жерде жастарға тимбилдинг, спорттық ойындар ұйымдастырылып, құмды алқаптың пайда болу тарихымен танысты. Әрі қарай форум жұмысы экскурсиямен жалғасты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button