Жастар

Жастар жағалауды тазартты

«Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Шалқар көлінің суға түсуге рұқсат етілген жағалауын тазалады. Қала тұрғындарының дені жаз бойы көлдің «Солдат жағажайы» деп аталатын маңында демалады. Сондықтанда осы жердің тазалығы сын көтермей, демалушылар тарапынан жиі ескертпелер де айтылатын. Жастар осы олқылықтарды жою мақсатында шашылған тұрмыстық қалдықтар мен бос ыдыстарды жиыстырды. «Таза жағалау» акциясы деген ұранмен 60-қа жуық жас 1 тонна қоқыс жинады.

Маусымдық жұмысқа тартылған жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін еңбек жасағында жұмыс істеп жүргендер арасында шағын футболдан жарыстар, «Пікірталас» сайыстары болып тұрады. «Ардагерлерді ардақтайық»  акциясы аясында аудан орталығындағы жалғыз басты қарттардың үй-жайларын жөндеуге, тазалауға көмектеседі.

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, оларды спорт пен еңбекке баулу бойынша ауданымызда осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрады. «Жасыл елге»  жұмыс істеуге ниет білдіруші жастардың саны жылдан жылға көбейіп келе жатыр.  Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы аясында  325 жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде «Үлкен Борсық орман шаруашылығы» мекемесі арқылы 70 жас, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арқылы 255 жас еңбекке араласты.  Жалпы сәуір-маусым айлары аралығында 158 жас  жұмыспен қамтылды. Олардың арасында жұмыссыз жастар, студенттер мен оқушылар бар. Қазір  80 студент жұмыс істеп жүр. Бұл жұмыстарға ауыл жастарын да қамтып отырамыз, — дейді Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жанна Абденова.

Оның айтуынша, жыл аяғында жақсы жұмысымен көзге түскен жастарға елордаға саяхат жасауға жолдама беріледі.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button