Денсаулық

6 адам індет жұқтырған

  • Брифинг

Облыста соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша 6 жағдай тіркелді. Сондай-ақ 3 адам үй карантиніне алынды.

Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бекболат Ізбасаров баяндады.

— Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінде Ақтөбе облысы «жасыл» аймақтар қатарында. Дегенмен, өткен тәулікте өңірде індет жұқтырған 6 адам тіркелді. Оның ішінде 5 адамда ауру симптомдары бар болса, біреуі — симптомсыз.

​​​​Жалпы, бүгінге дейін облыста коронавируспен ауырған 43 958 адам тіркелді, — деді Г.Дәулетова.

Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша 440 822 (83,3%) ​​адам КВИ-ға қарсы вакцинаның 1-ші компонентімен, 441 134 (81,8%) адам 2-ші компонентімен егілген. Ал ревакцинациядан өткендердің саны — 217 163 (75,6%).

— Қазір өңірде екі стационар жұмыс жасап жатыр. Оларда барлығы 5 науқас ем алуда. Оның біреуі жүкті әйел болса, екеуі — бала, сондай-ақ екеуі — ересек адам. Оның бірі жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі таңда облыста науқастарға арналған 65 кереует жасақталды. Стационардағы кереуеттердің жүктемесі 6 пайыз болса, реанимациялық кереуеттердің жүктемесі — 8 пайыз, — деді Бекболат Ізбасаров.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button