Жаңалықтар

Дәрігерлерге — «Құрмет» ордені

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес облыс әкімі Оңдасын Оразалин екі жергілікті дәрігерге мемлекеттік марапат табыс етті. Отандық медицинаны дамытуға сүбелі үлес қосқан және азаматтардың өмірін сақтап қалуға аянбай еңбек еткен жедел медициналық жәрдем беру қызметінің дәрігері Мақсот Еркебаев пен №2 қалалық емхананың дәрігері Орындық Қаракүшікова «Құрмет» орденін иеленді.

Сондай-ақ облыстың бірқатар мемлекеттік қызметкері кәсіби мерекелеріне орай облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиеваға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиевке, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Роза Әленоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары табыс етілді.

Облыс әкімі өңірдің барлық мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілеп, облыстың дамуы, тұрғындардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының артуы олардың кәсіби қызметтері мен ынталарына байланысты екенін еске салды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button