Әдебиет

Таңдамалы жырлар жарыққа шықты

Жаңа кітап

Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, Жазушылар Одағының Ж. Нәжімеденов атындағы сыйлығының лауреаты, белгілі ақын, Мейірхан Ақдәулетұлының бес томдық шығармалар жинағының алғашқы томы жарыққа шықты.

Мейірхан Ақдәулетұлының бес томдық шығармалар жинағы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасының«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр.

Әзірге оның бірінші томы Алматыдағы «Керемет Медиа» баспасынан шығып отыр. Бірінші томға ақынның таңдамалы жырлары, сондай-ақ А.Ахматова, А.Вознесенский, т.б. ақындардан аудармалары енген.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button