Әдебиет

«Абзатыстан» және «Ғайып қалам»

Белгілі қаламгер жерлесіміз, Қазақстанның құрметті журналисі, филология ғылымының докторы, ғалым-дипломат, Шалқар ауданының құрметті азаматы Серікқали Байменшенің екі кітабы жарық көріп отыр.

Серікқали Байменше, сондай-ақ кәсіби аудармашы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» дипломының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының және Ресей аудармашылар одағының мүшесі. Оның жақында Нұр-Сұлтан қаласында жарық көрген жаңа кітабы «Абзатыстан» деп аталады.Кітап «Бұрынғының айтқаны», «Ана тілінен артық не бар?!», «Дана сөзден дау алыс», «Әдепкі ойлар  әлеті», «Ер маңдайын бақтан бер!» сияқты бес айырыққа (тарауға) бөлінген.

Белгілі қаламгердің осынау мәлімет-дерегі мол, оқуға тартымды кітабынан қалың оқырман өз қажетін табады деп сенеміз. Кітаптың үзінділерікезінде «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Айқын», «Ақтөбе» газеттерінде жарық көріп, жұртшылық оны жылы қабылдаған еді.

Ал екінші кітап — «Ғайып қалам» аттыәдеби-тарихиэссе Шымкент қаласындағы «Әлем» баспасынан жарыққа шықты.

Бұл —ХХ ғасырдағы қазан төңкерісіне дейін екі өлең жинағын шығарып, қазақ балаларына арнап бірнеше оқулық жазған, ұлтының ұраншысы болған Алаштың ардақты азаматы, еңбектері көп уақыт бойы әдеби-ғылыми айналымнан, жұртшылық назарынан тыс қалған Кенжеғали Абдуллиннің (1896-1937 жж.) өмірі мен шығармашылығын елімізде тұңғыш рет түбегейлі зерттеу объектісіне айналдырған еңбек.Кенжеғали Абдуллин—«Ақтөбенің», бұрынғы «Кедей» газетінің редакторларының бірі.Қазақ әдебиеті мен ұлттық журналистикаға қуатты шығармашылық әлеуетімен елеулі үлес қосқан, заманның аумалы-төкпелі сойқанын басынан өткерген, қаламгерлік һәм адами ғұмыр-тағдыры күрделі де қиын қазақ ақынының сөз мұрасын — іздеусіз қалған ізгілігімізді ізеуіртті зерделеп, ортақ игілікке айналдыру мақсатын көздеген монографиялық туынды жалпы әдеби-ғылыми жұртшылықты, қалың оқырман қауымды бейтарап қалдырмасы сөзсіз.

 Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button