Жаңалықтар

Дін және қауіпсіздік

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мұғалжар ауданында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының аясында көптеген шаралар өтті.

Облыстық дін істері басқармасының бастамасымен, осы басқарма, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыоблыстық өкілдігінің мамандары аудан бойынша бірқатар мекеме мен қоғамдық орындарда кездесулерөткізіп, халықпен жүздесті.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадманның қатысуыменҚандыағаш қаласы бойынша «Неохим» ЖШС-ның филиалы, «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ-ның Ақтөбе өндірістік филиалы, «Мұнаймашремонткомплект» ЖШС Қандыағаш ірілендірілген жол дистанциясы және басқа бірқатар мекемелер мен кәсіпорындарда кездесулер өтіп, сондай-ақ мешіттерде «Білімдімін деп айтпау», «Ханафи мазһабының қалыптасуы мен ілімдік ерекшелігі» тақырыптарында уағыз-насихат жүргізілді.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері аудан орталығынан бөлек, Жем, Ембі қалалары мен басқа да елді мекендерде кездесулер өткізіп, дін және тәрбие, соның ішінде жас ұрпақты жат ағымдар ықпалынан сақтандыру, діни сауаттылықтың маңызы, жат ағымдар мен дәстүрлі исламның арасын ажырата білу, дін және ұлттық құндылықтар тақырыптарында әңгіме өрбітті, көпшіліктің сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық шараларына қатысты.Іссапар барысында имамдар 8 адаммен жеке кездесулер де өткізді.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының аясында өткен шаралар Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шерияздановтың қатысуымен аудандық әкімдікте өткен жиында қортындыланды. Дін мамандары кездесулер барысында өздерінің ойға түйген пікірлерін ортаға салып, діни тұрақтылықты бекемдей түсуге бағытталған ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетсек, еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттерде жүргізілетін жұмыстардың негізгі жеті бағытын бекіткен еді, солардың бірі — жат діни ағымдардың таралуына қарсы күрес. ҚМДБ-ның Ақтөбе өкілдігі осы бағыттағы жұмыстарды алда да жалғастыра береді.

Ақтолқын ТАЖИКОВА,

облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button