Жаңалықтар

Спортшымен жүздесті

Кездесу

Аудандық Мәдениет үйінде еркін күрестен Қазақтан Республикасының Чемпионы, спорт шебері, XXIV Жазғы Сурдолимпиадалық ойындардың 92 келі салмақ дәрежесіндегі қола жүлдегері, жерлесіміз Бексұлтан Малайдармен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесудің мақсаты — жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмір жолындағы түрлі сынақтарды жеңу жолын үйрету, жастарды спортпен шұғылдануға баулу.

Басқосуға Бексұлтанның ата-анасы, жақын туыстары, спорт саласының ардагерлері, денешынықтыру пәнінің мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

Шарада аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов жас спортшыға кәсіби жетістіктер тілеп, Алғыс хат пен 250 мың теңгелік сертификатты табыс етті. Сондай-ақ Бексұлтанның жаттықтырушысы Жанат Қожантаевқа шапан жауып, 50 мың теңгелік сертификат берді.

Кездесуге қатысқан оқушылар Бексұлтан Малайдар мен оның жаттықтырушысына сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған облыстық спорт клубының еркін күрестен жаттықтырушысы Жанат Қожантаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Сондай-ақ шара аясында аудандық орталық кітапхана ұжымы «Туған жердің мақтанышы — Бексұлтан» тақырыбында кітап көрмесін өткізді.

Ж.ЕРІК,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button