Жаңалықтар

Оқырманды асыға күтеміз

Экскурсия

М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана жуырда жаңа ғимаратқа қоныс аударды.

Кітапхана бұрын апаттық ғимаратта орналасқан болатын. Енді оған облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы ғимараты беріліп отыр. Жөндеуден өткен тарихи ғимаратта залдар жарық, кең, бұрынғыға қарағанда жұмыс жасауға ыңғайлы. Оқырманның кітап оқып қана қоймай, демалуына да жағдай жасалған, шеберлік сабақтарын, семинар-тренингтер өткізуге арналған коворкинг орталық бар.

Жақында кішкентай оқырмандар үшін «Мен бақытты баламын» атты шара ұйымдастырылып,оған М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты,кітапханаға экскурсия жасалды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кітапхананың есігі әрдайым ашық. Әсіресе жазғы демалыс кезінде жас оқырмандарды асыға күтеміз.

Гүлзайда ТАМАБАЙ,

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана

жүйесінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button