Жаңалықтар

30 қызметкер қан тапсырды

14 маусым — Халықаралық донор күні

Халықаралық донор күні қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері арнайы «Донор күнін» ұйымдастырды.

Ақтөбе облыстық қан орталығы мамандары департамент қызметкерлерінің жұмыс орнына келді. Осылайша департаменттің 30 қызметкері қан тапсырып, орталықтың қан қорын толықтырды.

«Донор күнін» өткізуге ұйытқы болған экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін атқарушы Жұма Ерденнің айтуынша, осындай іс-шара өткізуге мекеме қызметкерлері бірауыздан келісіпті:

«Донор» сөзін латын тілінен аударғанда «Өмір сыйлаушы» дегенді білдіреді. Әр адам қан тапсыра отырып, өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан адамдарға үміт сыйлай алады. Мұндай акциялар мамандар кеңесі бойынша тиісті мерзім өткеннен кейін тағы да жүргізілетін болады. Жалпы, мамандардың айтуынша,  қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы әртүрлі аурулар мен күйзеліске қарсы тұра алатындығы, жүрек-қан ауруларына сирек шалдығатындығы дәлелденген. Ақтөбе облысы қан орталығының мамандарына «Донор күнін» өткізуге көмектескені үшін зор алғысымызды білдіре отырып, барша қауымды қан тапсыруға шақырамыз, — дейді ол.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button