Денсаулық

Дәрігерлер ауылға келді

Балалар жылы аясында Ойыл ауданына облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері арнайы келіп, қабылдау жүргізді.

Невролог Ақжібек Есқали, лор дәрігері Светлана Қауысова мен педиатр Ирина Челиктер балаларға ем жүргізіп, ата-аналарына кеңес берді. Кейбір балаларға облыстық ауруханаға жолдама берді.

Ал облыстың бас балалар хирургі, ойылдық Болат Медетбаев екі балаға тегін ота жасады. Ол бұған дейін де «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауданға бірнеше рет келіп, талай баланың дертіне дауа болар ота жасағанын айта кеткен жөн. Елдің алғысына бөленіп жүрген азамат жақында зейнеткерлік демалысқа шыққалы отыр. Осы орайда аудан әкімі Асқар Қазыбаев Болат Базарұлына «Ойыл ауданына 100 жыл» мерекелік медалін және арнаулы сыйлығын табыстады. Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев дәрігердің иығына шапан жауып, әріптестерінің лебізін жеткізді.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button