Мәдениет

«Аманаттың» алғашқы жеңісі

Фестиваль

ҚР халық артисі кино және театр актрисасы Х.Бөкееваның 105 жылдығына орай ұйымдастырылған «Театрдың ғажайып әлемі» атты Батыс аймақтық театрлар фестиваль байқауында «Аманат» жастар театры «Ең үздік қойылым» номинациясын иеленіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Орал қаласында өткен фестиваль-байқауға 12 театр ұжымы қатысқан. Темірлік жастар байқауда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесін сахналады.  Сондай-ақ театрдың белді мүшесі, 10 сынып оқушысы Сәндіғали Арғын «Үздік бала бейнесі» номинациясына ие болды.

«Аманат» жастар театры 2017 жылы Н.Байғанин атындағы Темір аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған. Жетекшісі — Орал гуманитарлық колледжінде режиссер мамандығы бойынша білім алған Тимур Еңсегенов.  Бұл театрдың өзге театрлардан ерекшелігі — құрамында тек мектеп оқушылары ғана бар.

                                                                                  Назерке ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

Аудандық мәдениет үйінің бұқаралық іс-шара жүргізушісі.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button