Мәдениет

Батырдың аты өшпейді

Биыл Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың дүниеге келгеніне 110 жыл. Осыған орай Шалқар қаласындағы І.Үргенішбаев атындағы орта мектепте бірқатар іс-шара ұйымдастырылып жатыр.

Атап айтсақ, оқушылар арасында «Батыр баба ізімен» тақырыбында эссе жазу, «Білімді жастар — ел болашағы» интеллектуалды сайыстары, «Елін қорғаған ер бабам» көрмесі, сондай-ақ мұғалімдер арасында «Жаңашыл педагог — 2022» байқауы өтті. «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты іс-шара барысында батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Одан әрi батыр ұрпағы Арман Есенгелдіұлымен кездесу кеші өтті.

Шалқар қаласында Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың ескерткіші мен батыр атында көше бар. Жерлес ақынымыз Зиядин Әбдуалиев батырдың ерлігіне арнап «Өшпеген жалын» атты дастан жазды.

Халық ішіндегі сауатсыздықты жоюға, қараңғылықтан қалың елді алып шығуға қызмет еткен педагог 1942 жылы ел азаматтарымен бірге майданға аттанып, ерліктің ерен үлгісін көрсете білді.

Артына өшпестей із қалдырған ердің ісін ұмытпай, тарихымызды жаңғырту — бүгінгі ұрпақтың парызы.

 Г.ИЛЬЯСОВА,

І.Үргенішбаев атындағы

     орта мектептің мұғалімі,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button