Мереке

Рәміздерім — айбыным

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алғада «Рәміздерім — айбыным» атты салтанатты шара өтті.

Аудан әкімі Нұрбол Ержанов тұрғындарды мерекемен құттықтап,Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық мүшәйра мен суретшілер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Сондай-ақ жиында танымал спортшылар,жерлестеріміз — әлем чемпионы,ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әшім Қали мен «Ер-Бақыт» патриоттық клубының негізін қалаушы Марат Қойлыбаев та құттықтау сөз сөйледі. Айта кетейік, Әшім Қали —тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туын үлкен жарыстарда алғашжелбіреткен спортшылардың бірі.

Биылғы Балалар жылының аясында Алғада ұйымдастырылып отырған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан аудандық лига ойындарының ашылуы да осы мереке күнінде өтті.«AULAfootball» ойындары 2007-2008 жылдары және 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдердің арасында өтіп, шілде айында қорытындыланатын болады.

 Әсел АБДУЛЛИНА,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button