Басты бет » Референдум » Еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр

Еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр

Тәуелсіздігіміздің саяси тарихында тұңғыш рет Конституциялық өзгерістер халықтың тікелей қатысуымен қабылданды. Мен AMANAT партиясының өкілі ретінде дауыс беру сәтін Ақтөбе қаласындағы №530 учаскесінде бақыладым. Барлығы жоғары деңгейде өттті. Дауыс беру барысында ешқандай келеңсіз оқиға болған жоқ. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Партияның өкілі ретінде ешқандай заң бұзушылықты байқамадым. Осы учаскеге келген барлық ұйымдардың өкілімен бірге ашықтық пен әділдікті қарадық. Комиссия мүшелері өз міндеттерін адал атқарды. Санаулы минуттардан кейін көптен күткен дауыс беру науқаны да өз мәресіне жетеді. Маңызды саяси науқанға өз үлесімді қосқанымды азаматтық парызым деп есептеймін.

Амина Закирова,
AMANAT партиясының өкілі.