Референдум

УЧАСКЕЛІК АЛАҢДАРДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін қазақстандықтар Ата Заңымыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын беріп жатыр. Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қобдалықтар да біркісідей атсалысуда.
Қобда аудандық референдум комиссиясының төрағасы Ақшолпан Оразованың айтуынша, ауданда барлығы 31 дауыс беру учаскесі жұмыс жасап тұр. Ал референдумда дауыс беруге құқығы бар қобдалық азаматтар саны — 10803 адам.
Референдум күні аудан әкімі Болат Құлов №415 учаскеде дауыс берді. Содан соң аудан әкімі учаске төрағасынан референдум жұмысының жүру барысын, тұрғындардың белсенділігін сұрады.
Айта кетейік, аудандағы барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Сондай-ақ дәстүр бойынша ең бірінші дауыс бергендерге, жасы үлкен қарияларға арнайы сыйлықтар әзірленген.
Тұрғындарға қуаныш сыйлау үшін барлық дауыс беру учаскелерінде көңілді әуен шырқалып, алаңдарда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ақерке САТЫБАЛДЫ,
Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button