Мерекелік экскурсия өтті
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің нышаны» тақырыбында мерекелік экскурсия өтті.
Музейдің «Тәуелсіздік жолымен» тақырыптық-экспозициялық залында еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланған сәтінен бастап бүгінге дейінгі тарихына қатысты түрлі жәдігерлер, құжаттар көшірмелері, ел тарихының ең жарқын кезеңдерінен суреттер қойылған. Залдың ең төрінде ел егемендігінің басты нышандары — Ту, Елтаңба, Әнұран мәтіні мен Ата Заң кітабы тұр.
Кеш залы келушілерге, әсіресе жастарға толы болды. Мұнда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орайластырылған мерекелік экскурсиямен қатар, «Рәміздер — елдігімнің айнасы» тақырыбында лекциялар оқылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміров және музейдің аға ғылыми қызметкері Фархад Мұстафиннің Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің студенттеріне оқыған лекцияларында Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, авторлары және басқа да маңызды деректер қамтылды.
И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.