Мереке

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ:  инновация жолындағы сенімділік және толымды тәжірибе

Экология және біз

Маусым айының басында Қазақстанда Экологтар күні атап өтіледі. Бұл маңызды кәсіби мереке 2011 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңмен бекітілген. Қоршаған ортаны қорғау экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің белсенділігімен тікелей байланысты екені жалпыға мәлім.

Ақтөбе облысының өнеркәсіп секторында мұнай-газ саласы ерекше айқындаушы мәнге ие. Міне, ширек ғасырдай уақыт бойы тұғырлы инвестор — Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясының басқаруымен жұмыс істеп келе жатқан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы ақтөбелік мұнай өндірудің көшбасшысы болып келеді және қала бермекші.

Табиғат қорғаушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында біз «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының инженер-экологі Қуанбай Қожабайұлы Боранбаевпен кездесіп, сұхбаттасқан едік. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы қоршаған ортаны қорғау саласында еңбек етіп келеді, оның он бес жылы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының ұйымшылығы мол ұжымының еншісінде. Тәжірибелі эколог осы салада еңбек етіп келе жатқан кез келген әріптесі сияқты бүгінгі табиғат қорғау жұмыстарының қыр-сырына қатысты өз көзқарасын білдіруге, ойларымен бөлісуге әзір.

Қуанбай Қожабайұлы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мұнай-газ компаниясына қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативті және жобалау құжаттарын жасау жөніндегі қалыптасып үлгерген тәжірибелі маман ретінде қабылданады.

Біздің кейіпкеріміздің жұмыс тәжірибесі көптеген жүзеге асырылған жобалардың басын біріктіреді. Оның ішінде эмиссияның барлық түрлеріне мемлекеттік экологиялық сараптамалар үшін кешенді құжаттамалар жасауда бар.  

Қуанбай Боранбаев білікті маман ретінде акционерлік қоғамда мұнай-газ өнеркәсібіндегі экология саласында құнды тәжірибелер мен білімге ие өндіріс үздігі және озаты тұрғысынан бағаланады. Бүгін тәжірибелі эколог-практик ірі мұнай-газ компаниясында қоршаған ортаны қорғау ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

— Қуанбай Қожабайұлы, сіздің «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамындағы жұмыс өтіліңіз мейлінше жеткілікті, ал басқарушылық процестерді бағалау ауқымыңыз айқын және нақты болуға тиіс. Сіздің көзқарасыңызша, компания басшылығының экологиялық қауіпсіздікке көңіл бөлу деңгейі қандай дәрежеде деп ойлайсыз?

— Біздің әңгімемізде заңды түрде негіз болып табылатын мәселені көтергеніңіз үшін рақмет. Бірден атап көрсетейін, акционерлік қоғамда өндірістік қызмет және белгіленген табиғат қорғау шаралары нәтижесінде қоршаған ортаға біздің бизнестің келеңсіз әсерлерін азайту, еліміздің экологиялық заңдылықтары нормаларын сақтау бойынша барлық қажетті мүмкіндіктер нақты қамтамасыз етіледі.

Экологиялық жұмыстарға назар аудару деңгейін мейлінше әртүрлі деректермен және мысалдармен сипаттауға болады. Сөзіміз жалаң болмас үшін мынадай жайларға тоқталайық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша табиғат қорғау шаралары жоспарлары үш миллиард теңгеден астам мақсатты қаражатты игерумен толық көлемде орындалды. Ақтөбелік жобада Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясының 25 жылдық инвестициялық қызметі ауқымында өндірілетін ілеспе мұнай-газын толық пайдалану бағдарламасы аясында да, сондай-ақ басқа да аралас экологиялық бағдарламалар аясында да ауқымды қаржы көлемі игерілді.

—  Ағымдағы экологиялық проблемаларды шешу бағытында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының іс-әрекетін қандай жаңа методологиялық талаптар айқындайды?

— Қазақстан Республикасы заңдарымен анықталатын методология экономикалық дамудың жаңа шарттары ықпалымен жүйелі түрде түрі жағынан өзгеріске ұшырап отырады. Мәселен, 2021 жылдың 1 маусымынан Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс күшіне енді. Сол жаңа енгізілім аясында 2025 жылдан бастап-ақ «бірінші категориядағы» ірі нысандар үшін кешенді экологиялық рұқсатнамалар қолданылып, қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтарды азайтуға бағытталған үздік қолжетімді технологиялар енгізіледі. Үздік қолжетімді технологияға өткен компаниялар эмиссия үшін төлемнен босатылатын болады, ал қалған субъектілер үшін қалдықтарға қатысты төлем мөлшерлемесі 2028 жылдан бастап әрбір үш жыл сайын бірте-бірте 2, 4, 8 есеге көтеріле беретін болады. Заңдылықтармен бекітілген механизм кәсіпорындарды жаңғырту процестерін жандандыра түсуге бағытталған.

Біздің акционерлік қоғам Ақтөбе облысындағы мұнай-газ өнеркәсібінің көш бастаушысы болып табылады және жаңа Экологиялық кодекс бойынша бірінші категориялы операторға жатады. Осыған байланысты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының өндірістік нысандарында кешенді технологиялық аудит жүргізілді, акционерлік қоғам технологияларының ең үздік қолжетімді технологияларға сәйкестілігіне бағалау жасалды.

Жұмыстар «Жасыл технология және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғаммен үйлесімділікте «Ұйымның технологиялық процестерінің үздік қолжетімді технологиялар принциптеріне сәйкестігіне сараптамалық бағалау жүргізудің әдістемесін» пайдаланумен біздің экологиялық қызметіміз арқылы орындалды.

Біздің технологияны жан-жақты бағалаудың негізінде сараптамашылар тобы үздік қолжетімді технологияларға біздің өндірістік процестердің әлеуетті сәйкестілігі туралы тұжырымдама шығарды. Бағалау шкаласыИТС НДТ 28-2017 «Мұнай өндіру», ИТС НДТ 29-2017 «Газ өндіру» стандарттары және «BREF. EnergyEfficiency–2009» класы НДТ еуропалық анықтамалықтары болып табылады. Бұдан басқа аталған анықтамалықтарға кірмеген, бірақ НДЬ принциптеріне сәйкес келетін бірқатар өзіміздің технологиялар бар. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында жасалып, қолданылып жүрген бірқатар жаңа технологиялар енгізудің перспективасына ие болып отыр.

—Қазіргі заманғы өнеркәсіптік кәсіпорын өз қызметіне экологиялық аудит жүргізусіз жоғары репутациялық стандарттарға сәйкес келе алмайды. Сіздер «СНПС-Ақтөбемұнайгазда» осындай аудитке ие болып отырсыздар ма?

— «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында 2009 жылдан бастап экологиялық менеджмент жүйесі енгізіліп, табысты қызмет етіп келеді. Белгіленген кестеге сәйкес әрбір үш жыл сайын экологиялық менеджменттің қолданыстағы жүйесінің кешенді сертификациялық аудиті жүргізіледі. Біздер үшін мұндай аудит «ТЮФ ЗЮД» германдық сертификациялық органның мәскеулік өкілдігінің күшімен атқарылады. Тәуелсіз орган өзінің аудитімен қоршаған ортаны қорғау «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының өндірістік-шаруашылық қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылатындығын растай түседі. Қолайлы қоршаған ортаны сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін жауапкершілікті сезінуге бағытталған кәсіпорынның экологиялық принципі де нақ осы принцип негізінде жүзеге асырылады.

Нақ осы экологиялық аудит Компанияның Энергетика министрлігінен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіпшілік және өндірістік нысандарында шикі газды өңдеу бағдарламаларын» алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  Сондай-ақ осы бағдарлама негізінде «Кеңқияқмұнай»,  «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармалары және 1-Жаңажол мұнай-газ өндіру кешені үшін қалдықтар мен эмиссиялар нормативтері жасалады.

— Егер бүгінгі күні шығып жатқан кез келген мұнай-газ саласындағы журналдарды парақтап қарайтын болсақ, олардың мазмұнының жартысы мұнай-газ кен орындарындағы негізгі экологиялық проблемалармен — ілеспе мұнай газын мәжбүрлі түрде жағу проблемасымен байланысты болып келеді. Сіз «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кен орындарындағы соңғы екі он жылдықтағы атқарылған жұмыстарды қандай сөздермен сипаттар едіңіз?

— Кен орындарындағы алауларды жою бойынша біздің көп жылғы жұмыстарымыз туралы қысқаша айту мейлінше күрделі болар деп ойлаймын. Өйткені, шынында да, ауқымды өзгерістерге толы шаруалар іске асырылды.

Мұнай-газ операторларының ілеспе мұнай газын тиімді пайдаланудың ең жоғары деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік концепциясына сәйкес, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бұл күрделі міндетті кезең-кезеңімен шешті. 1997 жылдан бастап акционерлік қоғам түбегейлі техникалық шешімдер мен жаңа енгізілімдер жүзеге асыруда. Өңірдің экологиясы туралы қамқорлық және газдың бағалы энергетикалық өнім екендігін ұғыну — Жаңажол мен Кеңқияқ кен орындары ілеспе газын толық пайдаланудың мақсатты бағытталған көп жылғы бағдарламасы үшін белгілі бір анықтаушы шартқа айналды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде газды пайдалану деңгейі қазіргі сәтте 97 пайыз деңгейіне көтерілді.

«Ілеспе мұнай газын толық пайдалану бағдарламасы» шараларына сәйкес соңғы екі онжылдық ауқымында аймақта экологиялық ахуалды жақсартуға және алаулы қондырғыларда газдың жағылу деңгейін төмендетуге бағытталған бірқатар маңызды күрделі қаржыны қажет ететін кәсіпшілік нысандары құрылысы жүзеге асырылды. Ал Жаңажол кешенінде көмірсутекті әзірлеудің қалдықсыз технологиясын бірте-бірте енгізу таяу болашақта кәсіпшілік алауларында газдың техникалық жағылуын толығымен болдырмауға мүмкіндік береді. «Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы» стратегиялық бағдарламасы аясында салынған жаңа Жаңажол зауыты туралы бүгінде бүкіл еліміз біледі. Оны құрылымдаудағы инвестиция деңгейі бір миллиард доллардан жоғары. Газ алауларын тоқтату ісіндегі нағыз ұмтылыс көрінісі осы емес пе!?

Ал біз құрылысын жүргізген Жаңажол кен орнын «Бұқара-Орал» магистралды реверсивті газ құбыры жүйесімен қосатын «Жаңажол-КС-13» газ құбырының қандай стратегиялық маңызы барын білесіз бе!?

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» кен орындарында өндірілетін газды кешенді пайдалану бағдарламасы аясында іске асқан тағы бір нысан 160 МВт номиналды қуаттылыққа ие жаңа Жаңажол булы-турбиналық электр станциясы болып табылады. Ол бұрын пайдалануға берілген Жаңажол газ-турбиналық электр станциясын толықтыра түсті.

Мұндай тұғырлы өзіндік электр қуатын беретін желіні пайдалануға беру барлық кәсіпшілік нысандарын өзіміздің электр көзімізбен жабдықтауға ауыстыруға мүмкіндік берді.

Ілеспе мұнай газын станция турбиналарында агент ретінде қолдану— газды толық пайдаға асырудың корпоративті бағдарламасы бойынша нақты қадам ғана емес, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының энергиялық тәуелсіздік пен имапорт алмастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысуының жарқын мысалы да.

Кен орындарындағы «алауларды» жою ісіндегі тағы бір қадам —өндірілген газды сұйыту бойынша өнеркәсіптік қуаттылықтарды іске қосу.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы тауарлы өнімдерінің маңызды түрлерінің бірі отынның халық шаруашылығы үшін өте құнды түрі — сұйытылған көмірсутегі газы болып табылады. Сұйыту блоктарынан басқа, сұйытылған газды сақтау және құю үшін резервуар паркі пайдалануға берілді. Жаңажол кен орнында жасалған маңызды өнім Қазақстанның әр аймақтарындағы тұтынушыларға көп жылдар бойы теміржолмен және автокөлікпен жеткізіледі.

Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені құрамына завод колонналарында газ тазалауда алынатын газ күкіртін түйіршіктеу қондырғысы бар цех та кіреді. Күкіртті түйіршіктеу қондырғысы сұйық күкіртті түйіршікке айналдырады, нақ осындай күйде тауарлы күкірт тұтынушыларға жөнелтіледі.

Күкірт желісі күкірт шаңын ауаға шығаруды болдырмайды, сол арқылы тауарлы күкіртті сақтау және жөнелту нысандарында аумақтардың және қоршаған ортаның ахуалын жақсы ұстауға жол ашады. Түйіршіктелген күкірт шығару өндірісі өндірістің экологиялық тазалығын көтеруге, кесекті аз өтімділіктегі күкірттің көлемі құрылымдауын болдырмауға, тұтынушылар тарапынан нарықтық сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарында негізгі қалдықтар — бұрғылау қалдықтары, май сіңген топырақ, пайдаланылған сілтілік ерітінділер, қатты-тұрмыстық қалдықтар және басқалары. Компания бөлімшелерінде құжатталған есеп, қалдықтардың құрылымдалуына бақылау жүргізіледі, мердігерлер келісімшарт негізінде қалдықтарды пайдалану бойынша маңызды қызметтерді орындайды.

2008 жылдан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ тапсырысы бойынша әртүрлі бағыттағы ұңғымалар құрылысын жүргізетін бұрғылау мердігерлері қалдықтарды кезекті толық өңдеуден өткізумен, құрылымдалған қалдықтарды жинау үшін бетон және металл сыйымдылықтарын жасақтап, бұрғылау қалдықтарын жинаудың амбарлық емес әдісіне толығымен көшті. 2017 жылы акционерлік қоғам күшімен май сіңген топырақты залалсыздандыратын қондырғы құрылымдалып, іске қосылды.

—Шынында да, сіздің кен орындарыңызда күрделі капиталды көп қажет ететін жобалардың болуы өзінің ауқымымен ерекшеленеді. Ал еңбек ұжымының мүшелерінің өздері табиғат қорғау шараларына қалай қатысады? 

— Біз өз тәжірибемізде экологиялық екі айлық өткізуді жақсы дәстүрге айналдырдық. Акционерлік қоғам қызметкерлерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі белсенділігі мейлінше мақтауға тұрарлық. Мұнда Қоғамның барлық өндірістік бөлімшелері, оның ішінде негізгі өндіріс буындары ғана емес, сондай-ақ қосалқы бөлімшелер де қамтылған. Экологиялық екі айлық дәстүрлі түрде екі кезеңде өтеді және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша мынадай шаралар өткізіледі:

– аумақты қоқыстардан тазартуды ұйымдастыру, ескі ағаштарды күтімге алу және аумақты белсенді көгалдандыру, кірме жолдарды көріктендіру;

– бекітілген аумақтарды, алаңдарды, су қоймалары аумағын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар, экология тақырыбына баннер орнату, т.б.

Компания қызметкерлері әртүрлі қоршауларды жөндеп, бояйды, су құбырлары желілері мен кәріздік құдықтарды тазартады, жерді биологиялық өңдеу бойынша шараларды қолға алады.

Екі айлық өткізу жөніндегі концепцияға қатысты тағы бір өзгешелеу деректі келтіре кетейін.

Акционерлік қоғамда Ақтөбе облысының қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне жету бойынша 2018-2025 жылдарға арнаған шаралар жоспарына сәйкес екі автоматтандырылған ауа мониторингі станциясы сатып алынды. Олар Кеңқияқ (Сарыкөл, Шұбаршиауылдарына жақын) және Жаңажол кен орындарының санитарлық-қорғаныс аймағы шекараларында орнатылды. Автоматтандырылған стационарлық жүйе бізге кен орындары аймағында атмосфералық ауа сапасына үздіксізмониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

— Сіздер Қазақстанның басқа мұнай-газ компанияларындағы әріптестеріңізбен де байланысып тұрасыздар. Мұндай қарым-қатынаста кәсіби экологтармен қандай проблемалық мәселелерді талқылайсыздар?

— Әрине, тәжірибе алмасу мейлінше қажет. Біз өз әріптестеріміздің жинақтаған тәжірибелерін ынта-ықыласпен зерттеп, өзімізде бармен де бөлісеміз. Мұнай-газ секторындағы ірі кәсіпорындардың негізгі проблемаларының бірі өндіріс қалдықтарын өңдеу және тұтыну болып келеді.

Мысалы, біздің сараптамалық деңгейдегі талқыланатын проблеманың бірі мынадай: жаңа Экологиялық кодекске сәйкес (350 бап) қатты-тұрмыстық қалдықтарды алдын ала  сұрыптаусыз көмуге тыйым салынады.

Қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигондарында қалдықтарды мынадай түрлері бойынша сұрыптау міндетті түрде қарастырылуы тиіс: пайдаланылған доңғалақтар, пластмасса, пластика, полиэтилен, қағаз қалдықтары, сынап құрайтын приборлар, әйнек ыдыстар, түсті және қара металдар, құйма батареялар, қорғасын-қышқылды, электронды және электр жабдықтары. Мұндай полигонның қызметі —мейлінше шығынды бағдарлама.

—Әдетте экологтардың, оның ішінде мұнай-газ өнеркәсібі мамандарының атына жиі бағытталатын бір сауал бар. Ол белсенді өнеркәсіптік қызмет салдарынан жылыжай газдары қалдықтары қауіптілігіне қатысты. Мұндай мәселе сіздің акционерлік қоғамда қай деңгейде қарастырылуда?   

— Жылыжай газ қалдықтарын басқару — бұл адамзаттың өмір сүруі үшін шарттарды сақтау мәселесі. Қазақстандық мұнай маңында жүрген мамандар жағдайды тыңғылықты зерттеп, жылыжайлық газдар бойынша жалпыәлемдік қозғалысқа қатысады.

«Париж келісімі» бойынша Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес 2030 жылға дейін Қазақстанда жылыжайлық газдың қалдықтарын 1990 жылғы қалдықтар деңгейімен салыстырғанда 15%-ға қысқарту қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарына сәйкес Қазақстанның барлық кәсіпорындарына қалдықтарды жыл сайынғы 5%-ға қысқарту есебімен жылыжайлық газ қалдықтарына квоталар бөлінеді.

Қазақстандық мұнай-газ секторының көшбасшыларының бірі болып саналатын біздің акционерлік қоғам да осы ауқымда жұмыс істеуде. Мәселен, кейбір объектілерде   өндірісті ұлғайту кезеңінде біздің кен орындарымызда қалдықтардың мұндай төмендеуі компания үшін тәуекелге айналғанда біз жағдайды ескеріп, соған сай өзгерістер жасаймыз. Біз бөлінген квотаның жетіспеуі тәуекелін және болашақта жетіспейтін қвотаны қосымша сатып алу жағын зерттейміз.

Жыл сайын біздің компанияда кәсіпшілік нысандарынан жылыжайлық газ қалдықтарын инвентаризациялау бойынша жұмыстар жүргізіледі, «Есепті жылда жылыжай газдарын инвентаризациялау туралы есеп» жасалады және мұндай есептітексеру және растау бойынша жұмыстар орындалады.

—  Қуанбай Қожабайұлы, соңғы жылдар аумағында Көкжиде ауызсуы аумағын қорғау туралы ақпараттық ортада материалдар бірнеше рет жарияланды. Бұл мақалаларда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атауы ұдайы көрініс тауып отырады. Сіздердің қызметтеріңіз судың осы бірегей көзі үшін қауіпсіз бе?

— Бұл тақырып бұған дейін де елеулі әлеуметтік маңызға ие болып келеді, алда да солай болмақшы. Еріктілер мен ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер мен журналистер Көкжиде суын сақтау тақырыбын белсенді түрде зерттеп келеді. Көкжиде аумағында бірнеше мұнай-газ операторлары жұмс істеуде. Көкжиде суы кен орны бұруына аумақтық жағынан жақын тұста «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының тұзасты Кеңқияқ лицензияланған кен орны орналасқан. Бұл мұнай-газ орналасқан аумақта жер байлығын пайдалану бойынша операциялар «Ақтөбе облысы Темір ауданы аумағында орналасқан тұзасты Кеңқияқ кен орнында көмірсутектер бойынша операциялар жүргізуге келісімшарттар» негізінде жүзеге асырылады.

Біздің қызметіміз су көзі орналасқан аймаққа ешқандай зиян тигізбегенін атап өткім келеді. Көкжиде құмды массивінде Қазақстан табиғат қорғау заңдылықтары талаптарының сақталуымен байланысты барлық мәселелер ұзақ уақыт кезеңі ішінде Энергетика министрлігі, Индустрия министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі — өкілетті органдар жетекшілігімен арнайы құрылған Жұмыс комиссиясының бақылауында болып келеді. Сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігі жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия да Көкжиде тағдырына ерекше назар аударып отырады. Комиссиялық бақылауға сынамаларды іріктеу мен олардың анализін алу бойынша іс-шаралардың фотобейнеге түсірілуі де қамтылады.

2009-2014 жылдар аралығында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ тапсырысы бойынша мердігер бұрғылау компаниялары 4800-4950 метр интервалында қазумен тұзасты Кеңқияқ кен орнында бірқатар ұңғымаларды іске қосты. Көкжиде құмдарында одан әрі көмірсутегілерін өндіру үшін бұрғылау мемлекеттік органдарда кешенді сараптама мен бекітуден өткен жұмыстың технологиялық схемасымен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды. Бұл арада аталған ұңғымалардың Көкжиде кен орны жерасты суы мемлекеттік табиғи-қорықтық қоры ерекше қорғалатын аумағы шекарасының сыртында орналасқанына назар аударғым келеді.

Құмды массивте бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде жерасты суларының ластануын болдырмау бойынша негізгі шаралар «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі қауіпсіздік ережелері» негіздемесінде жобаланған ұңғымалар констуркциясын қатаң сақтау болып табылды. Көкжиде құмды массивінде орналасқан ұңғымаларды бұрғылаудың нақты көрінісін талдау мен кенді-геологиялық шарттарды ескеріп, мұндай ұңғымалардың арнаулы қорғағыштық (күрделендірілген) конструкциясы қарастырылды.

Судың жерасты резервуарлары қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс процесінде ұңғымалық ствол кезекті құбыр маңы кеңістігін цементтеумен қаптамалы құбырмен жабылды, мұның өзі қабаттарды айыруға және жерасты тұщы суының ластануына жол бермеуге кепілдік береді.

Аталған ұңғымалар құрылысын жүргізуде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және мердігерлік бұрғылау компанияларының мамандары ұңғымалардың арнаулы жинақталуына ғана емес, сондай-ақ бұрғылау жұмыстарының процесі бойынша қатаң талаптардың барлық ауқымына да ерекше назар аударады. Ұңғымалар амбарлық емес әдіспен бұрғыланды, суды пайдалану негізінде арнаулы бұрғылау ерітіндісі пайдаланылды.

— Бүгінгі әңгімемізді қорытындылай келе мынадай шешуші сұрақ қойғым келеді: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы экологиялық қауіпсіздігі концепциясы негізінде жататын базалық принциптер қандай екенін айта кетсеңіз.

— Біздің принциптеріміз айқын және компания ұжымына барынша түсінікті. Олар мыналар:

  • мақсатты экологиялық көрсеткіштердің есебімен қызметті жоспарлау, мұндай қызметтің кезеңдерін бағалау және бақылау;
  • қоршаған ортаға келеңсіз құбылыстарды барлық баптар бойынша, өндірісте орындалатын барлық іс-әрекеттер бойынша азайту;
  • өндірістік процестерді үздіксіз жетілдіру, ресурстарды қорғайтын және үздік қолжетімді технологияны іздестіру;
  • экологиялық қызметті басқарудың корпоративтік жүйесін ұдайы жақсарту, өз қызметкерлеріміздің жауапкершілігін бағыттап отыру;
  • қоршаған ортаға келеңсіз әсерлердің болуына жол бермеу бойынша превентивті іс-әрекеттерді басымдықта ұстау;
  • қызметкерлердің үздіксіз кәсіби және экологиялық білім алуын ұйымдастыру.

 

— Қуанбай Қожабайұлы, осы сұхбат барысында қойылған сауалдарға мазмұнды жауабыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Экологтар күні қарсаңында Сізге және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының экологиялық қызметіндегі сіздің әріптестеріңізге жаңа елеулі табыстар мен жетістіктер тілеймін. 

Біздің қоршаған ортамыз лайым қорғауда болып, ал табиғатымыз жарқын да жасыл түске бояла берсін!

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының болашағы жақсы нәтижелер мен жарқын беттерге толсын!

 

Сұхбаттасқан Юрий ШИКАРЕВ.

 

****

Хабарландыру!

 

Облыстық ЖИТС орталығы пациенттерді қолдау қызметі АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша сенім телефоны жұмыс жасайтындығын хабарлайды: 21-31-97.

Сенбі, жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button