ПікірРеферендум

«Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет…»

Саида СӘДУАҚАСОВА,

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

Шығыс әмірлерінің бірі Әбу Насыр әл-Фарабиден: «Уа, Ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ?» деп сұрағанда, Шығыстың ғұлама ойшылы: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонан соң айтып берейін», —деген екен. Иә, расымен де,кез келген адам өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстыратыны анық. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқан сәтте интеллектуалды капитал, білімді жастар, еңбек адамы, инновациялық ойлау жаңа Қазақстанның басты құндылықтарына айналды.

Елдің даму стратегиясын дұрыс таңдап, оны әрi қарай тиісті деңгейде жүзеге асыру, ең алдымен, сол елдің адами капиталы мен оның әлеуетіне байланысты. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім артуда. Жастар үшін әлеуметтік лифт болып табылатын түрлі мемлекеттік жобалардың қатарында Президенттік жастар кадрлық резерві конкурсын өткізу—елдің дамуына тың серпін беретін идеясы бар жастарға серпіліс беретіні сөзсіз. Бүгінде «Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекет үшін не істей аламын?» деген қағиданы ұстанатын жастарымыздың қатары көбейіп жатқандығы да көз қуантады.

Осындай жастар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының жанынан құрылған Электоралды оқыту орталығы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясымен бірлесе «Жастар және референдум» тақырыбында республикалық семинар өткізді. Семинарды өткізудегі басты мақсат —республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының басшылары мен белсенділері, өңірлік жастар ресурстық орталықтары, оқу орындары мен кәсіпорындардың жастар ісі жөніндегі комитеттерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттарына алдағы референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Семинар барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Ата Заңымызға енгізілуге ұсынылып отырған өзгерістер— ұрпағымыздың жарқын болашағына бағытталған. Ал болашақ—жастардың қолында. 5 маусым күні жарқын болашақ үшін референдумға барып, өз қолдауымызды білдірейік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button