«Ақтөбе — құтты мекен»«Ақтөбе»-90

Жүйріктер жарысты

Облыстың құрылғанына 90 жыл және Ақтөбе қаласының іргетасы қаланғанына 153 жыл толуына орай салауатты өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын тұрғындар арасында марафон ұйымдастырылды.

Ақтөбе қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінен білгеніміздей, марафонға қатысуға 1159 адам тілек білдірген. Марафонға қатысқандардың арасында қала әкімі Асхат Шахаров та бар.

Марафонға ақтөбеліктер ғана емес, аудандардан, көршілес Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан, Алматы қаласынан, тіпті Ресейдің Орынбор, Орск, Омбы қалаларынан жүгірушілер келген. Мысалы, Орал қаласынан осы жарысқа 40 адам арнайы келіпті.

10-15 жас аралығындағы балалар 5 шақырымға дейінгі қашықтықтарға жүгірді. Олардың арасынан шыққан жеңімпаздарға естелік медаль, сыйлықтар берілді.

Ал 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен ересектер түрлі жас категорияларына бөлініп, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда жарысты. Қатысушылардың ең жасы үлкені 69-да болды.

Жарыс қорытындысындаерлер мен әйелдер арасында жас категориялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздардың қатарында Абай Берғазин, Жанболат Қадыров, Нұргүл Асхатқызы, Артем Ворунов,  Галина Ирничкина, Айгүл Ерназарова, Серікбай Байғазин, т.б. бар.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button