Референдум

Маңызды күннен үлкен үміт күтеміз

Қалалық мәслихат депутаттары Райса Байлиева, Алтынай Мұқанова, Мира Балтымова және Шахан Жолдасбаевтар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді талқылап, алдағы референдумның маңызын түсіндірді.

Жиынға қатысушылар кедергісіз орта құру туралы пікірін білдіріп, осы саладағы кейбір мәселелерді сөз етті және реформадан үлкен үміт күтетінін айтты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әсіресе бизнес бастаудағы қиындықтар көбірек толғандырады екен. Олар осы санаттағы азаматтарға кәсіп ашуға берілетін гранттарды көбейту керектігін айтады.

Себебі олардың ұсынған жобалары өтпей қалып жатыр. Биыл қайтарымсыз грантты бір-ақ адам ұтып алған. Мүмкіндігім шектеулі деп қарап отырмай, арнайы курстар оқып, жеке кәсібін ашқандар көп. Осы тұста мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар алуда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жеңілдік қарастырылса дұрыс болар еді, — дейді Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмирам Сражова.

Кездесуге қатысушылар референдумды қолдайтындығын, басты құжатқа енгізіліп жатқан өзгерістер туралы білетіндіктерін және Жаңа Қазақстанды құру үшін атсалысатындықтарын айтты.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button