ПікірРеферендум

Реформа халық игілігіне қызмет етеді

Мұхтар МИРОВ,

филология ғылымдарының кандидаты,доцент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  референдум өткізу туралы шешім қабылдауы Жаңа Қазақстан құру жолындағы батыл қадам деп есептеймін.

Саяси маңызы зор шара ел дамуы үшін іргелі өзгерістерге жол ашады.

Конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың шынайы көрінісі болмақ. Бұл өзгерістер ел-жұрттың сұранысына сай енгізілмек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың супер президенттік басқарудан парламенті күшті елге көшеміз деген бастамасы әр адамның көңілінен шықты деп ойлаймын. Сондай-ақ реформа Парламенттің мәртебесін арттырып, халықты ел басқару ісіне барынша тартуға мүмкіндік береді,азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді.

Жаңа Конституцияда Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылатыны айтылған. Олардың 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады.

Егемен еліміздің әр азаматы осы саяси маңызы бар шараға белсенді түрде қатысады деп ойлаймын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button