Мәдениет

Ойылдықтар өнері

Есет батыр тұрғын үй алабында  Ойыл ауданының мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Есет батыр ескерткіші алдына ағаш үй тігіліп, көрме ұйымдастырылды. Концертті тамашалауға келген қала тұрғындарына арнап дастарқан жайылып, ауыл дәмі ұсынылды.

Ойыл аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары халыққа өз өнерін көрсетіп, ашық алаңда концерт берді. Балаларға викториналық сұрақтар қойылып, сурет салудан сайыс өтті.  Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шараға келушілер арасында қолкүрес, арқантартыс, асық ату секілді ұлттық ойындар өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шараға  қатысқан Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов ойылдық өнерпаздарға алғысын білдіріп, Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевқа Ақтөбе облысының энциклопедиясын табыстады.

Көктем жаңбырлы болып, ешқайда шыға алған жоқпыз. Мұндай концертті сағынып қалыппыз. Бұрын Орталық саябаққа жиі барушы едік. Дәл үйіміздің қасына келіп, жанды дауыста ән шырқап, дәстүрлі өнерімізді жаңғыртқан ойылдықтарға алғысымыз шексіз. Әсіресе балалар ұлттық дастарқаннан ауыз тиіп, ойын ойнап, қызыққа кенелді. Қала күніне арналған мерекелер өте жоғары деңгейде өтті, — дейді Есет батыр ауылының тұрғыны Нұргүл Мақсотова.

Сол күні «Табыс» коммуналдық базарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, ойылдық тауар өндірушілердің өнімдері сатылды.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button