Референдум

Азаматтық қоғам өкілдері бас қосты

Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының «Азаматтық орталығында» азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу жобасы аясында «Референдум — Жаңа Республика 2.0» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Мұрат Омашев қатысты. Ол Альянстың жергілікті филиалының басшысы Айгүл Дүйсенова бастаған әріптестеріне қоғамды демократияландыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, азаматтық қоғам өкілдерін 5 маусымда өтетін референдумға бірауыздан қолдау көрсетіп, қатысуға шақырды.

Сондай-ақ кездесуде шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің директоры Абай Мырхин, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының төрағасы Гумер Галеев, облыстық мүгедектер қоғамының  төрағасы Алмаз Жантікенов, «Қазақстан студенттері Альянсы» облыстық филиалының төрағасы Темірлан Алдажаров, т.б. референдумға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

— Биыл Мемлекет басшысы 30 жылда алғаш рет елімізде референдум өткізуге бастама көтерді. Сондықтан бұл саяси шараға біз 100 пайыз баршамыз қатысып, жарқын болашағымыз үшін дауыс беруіміз керек, – деді Алмаз Жантікенов.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button