Денсаулық

«А» вирусынан абай болыңыз!

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында «А» вирусты гепатитімен 3 адам ауырған.

«А» вирусты гепатиті—кең таралған инфекциялық ауру. Инфекция  тұрмыстық жанасу,ластанған су мен тағам арқылы адамға жұғады.

«А» вирусты гепатитінің ерекшелігі —қоздырғышы Hepatovirus қоршаған ортаға төзімді, 18-22°С температурасында бірнеше апта, ал 4ºС температурасында бірнеше ай немесе1 жылға дейін сақталады.

Аурудың«көзі»—науқас адам. Қоздырғыш ластанған тамақ, су, күнделікті пайдаланылатын заттар, ойыншықтар арқылы беріледі. Үйдің антисанитарлық жағдайы мен бас гигиенасын сақтамауда аурудың таралу факторлары болады.

Аурудың алдын алу үшін жеке бас тазалығын сақтап, дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен жуу керек.Сонымен бірге жеміс-жидектерді пайдалану алдында жуып, белгісіз су көздерінен қайнамаған суды ішпеген дұрыс.

Аурудың алдын алу вакцинациялау арқылы жүргізіледі. «А» вирустық гепатитке қарсы  2 жастағы балалар егіледі, вакцинация 6 ай сайын жылына 2 рет жүргізіледі.

Ж.ҚАРАТАЕВ,

Ақтөбе қаласы

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының  басмаманы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button