Мереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Облыстық мәслихат депутаттары және аппараты атынан Сіздерді қала күнімен құттықтаймын!

Туған қаламыз Ақтөбеде тұратын әрбір отбасының өзін жайлы және қауіпсіз сезінуіне, қаламыздың жыл сайын гүлдене беруіне шын жүректен тілектеспін!

Ақтөбенің іргесінің қаланған күнінен бастап 153 жыл өтті, содан бері бұл шаһар осында туып, балалық шақтың, жастық кезеңнің бақытты жылдарын өткізген, өзінің алғашқы арманын жүзеге асырған, ұрпағын өсіріп, еңбектің тәтті дәмін татқан адамдар үшін ең керемет мекенге айналды…

Қымбатты ақтөбеліктер, сіздерді тағы да қала күнімен құттықтай отырып, барлығыңызға ашық аспан, береке-бірлік, өсу мен дамудың керемет мүмкіндіктерін тілеймін.

Амангелді НҰҒМАНОВ,

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button