Референдум

Ортақ мүдде оң өзгерістерге бастайды

Бейсенбі күні референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшелері Тәттігүл Талаева, Қайырбек Тоқтаров және Серік Әліпов Ақтөбе медициналық орталығында медицина қызметкерлерімен кездесіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтты.

Ата заңға енгізілетін өзгерістер қоғамда жиі айтылатын көптеген мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап беретін өзгерістер нәтижесінде ел тұрғындары мемлекетті басқару ісіне  араласа алады. Мұның барлығы елдің ертеңгі күнге деген сенімін арттырады, — деді Серік Әліпов.

Кездесуде сондай-ақ Тәттігүл Талаева мен Қайырбек Тоқтаров саяси шараның маңыздылығын түсіндіріп, оған үлес қосу ел дамуы жолындағы ортақ мүдде екенін жеткізді. Штаб мүшелері медицина қызметкерлерін 5 маусымда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Басқосуда орталықтың дәрігерлері мен қызметкерлері референдумға қатысты өз ой-пікірлерін білдірді.

— Біз референдум аясында өзгерістер енгізілетін баптар мен тармақтармен таныстық. Олардың барлығы біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, құқықтарымызды қорғайтынын түсіндік. Сондықтан Қазақстанның болашағын ойлайтын саналы азаматтардың барлығы осы саяси шарадан шет қалмайды деп ойлаймын, — деді орталықтың бөлім меңгерушісі Зәмза Хайруллина.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button