ПікірРеферендум

Ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВ, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты:
— Алдағы конституциялық референдум тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бүгінгіден гөрі жарқын келешектің іргетасын қалайтын маңызды қадам деп есептеймін. Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістердің алдында тұр.
Әр қазақстандық өзінің азаматтық борышын орындап, референдумға атсалысса, ол — еліміздің дамуына қосқан үлесі. Біз, кәсіподақтар, еліміздегі іргелі қоғамдық ұйым ретінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыұлттық референдум жайлы шешімін құптай отырып, өңірлік штабтардың құрамында халыққа үлкен саяси оқиғаның маңызын жеткізу ісіне өз үлесімізді қосып келеміз.
Еңбек ұжымдарында, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кеңінен ақпараттық жұмыс жүргізіп, референдумның мәні мен маңызы жөнінде жұртшылықпен пікірлесіп, оларды өз ұсынысын ашық білдіруге шақырамыз. Біз қарапайым еңбек адамының әл-ауқатын жақсарту, олардың әлеуметтік кепілдіктерге ие болуы, еңбек жағдайының жақсаруы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенеміз.
Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу — әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.
Біз азаматтардың еңбек құқығын қорғайтын кәсіподақ өкілдері ретінде демократияны дамытуға, азаматтардың лайықты жалақы алуына, өмір сапасының жақсаруына арналған реформаларды, Жаңа Қазақстан құруды қолдаймыз.
Референдумның ашықтығы мен әділдігі еліміздің тұрақты дамуының кепілі болмақ. Ел болашағының жарқын болуы үшін азаматтарды референдумға қатысып, дауыс беруге шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button