Денсаулық

Ревакцинация иммунитетті арттырады

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау жөніндегі жаңа қаулыға қол қойды.

Бұл құжатқа сай, аталмыш індетке қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға 6 айдан кейін қайта ревакцинация жасалады.

Бұл жөнінде кеше өңірлік коммуникациялар орталығында ұйымдастырылған тікелей эфирде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтты. Тікелей эфирге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров та қатысты.

Келтірілген деректер бойынша, коронавирус инфекциясының таралуы жөніненбіздің облыс 12 ақпаннан бастап «жасыл» аймаққа көшті. Наурыз айында өңірде — 27, сәуірде — 4, ал мамырдың басынан бері 2 індет жұқтыру жағдайы тіркелген. Эпидемияның басынан бері тіркелген науқастардың жалпы саны — 43 909. Олардың 98,9 пайызы жазылып шыққан. Қазіргі күні 3 адам үй карантинінде отыр.

Бүгінге дейін облыста 429 872​​адам —вакцинаның бірінші компонентімен, 415 288 адам екінші компонентімен егілді. Ревакцинацияланғандар саны — 180 172 адам.

Мамандар тұрғындарды індетке қарсы сақтық шараларына мұқият болуға шақырды.

— Вакцинация — коронавирус инфекциясының алдын алудың ең тиімді әдісі,ал ревакцинация иммунитетті арттырады, — деді Мұхтар Сербаев.

 Айна САРЫБАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button