Білім

Дарындылар шеруі өтті

Балалар жылы аясында «Кемел келешек кілті — білімде» атты ауданымыздың дарынды оқушылары шеруі өтті.Шеруге ауданымыздан 300-ге жуық дарынды оқушылармен оларға жетекшілік еткен мұғалімдер қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Қабылосы оқу жылында білім додалары мен шығармашылық байқауларда үздік нәтиже көрсеткен оқушыларғаоблыстық білім басқармасы басшысы атынан ризашылығын білдірді.

Шеру барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Үздік олимпиадалық команда-2022» номинациясы бойынша жүлделі II орын иеленген Хромтау ауданының командасы мен «Үздік жалпы білім беретін мектеп-2022»номинациясы бойынша II орын иегері №4 Хромтау орта мектебі марапатталды.

Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 340 оқушы қатысып, оның 17-сі облыстық олимпиада жеңімпазы атанды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Торғын Жанұзақованың жетекшілігімен №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сәнгүл Сәндіғали республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орынды иеленді.

Оқушыларды білім бәйгесінебаптаған пән мұғалімдері Хромтау ауданының білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты мен сыйақысына ие болды.

Облыстық білім басқармасының, Хромтау аудандық білім бөлімі басшыларының Алғыс хаттары пәндік олимпиада жеңімпаздарымен бірге өнер бәйгесіндетоп жарып жүрген оқушыларға да табысталды.

Нұргүл ҚАЛНИЯЗОВА, 

Хромтау аудандық білім бөлімінің

басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button