Денсаулық

Сарып ауруынан сақ болыңыз!

Сарып — адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесін, тірек-қимыл жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.

Сарып ауруы адамдарда ауырсынудан, дене қызуының 39-40°С-қа дейін көтерілуінен басталады. Аурушаңдық 3 айға, кейде 1-2 жылға дейін созылуы да мүмкін. Оның жұғу жолдары әртүрлі. Мәселен ауру малды сою барысында немесе ет және қайнатылмаған сүт, сүт  өнімдерін пайдаланғанда жұғуы мүмкін.

Адамдар уақытында дәрігерге қаралмаса, ауру созылмалы түрге көшіп, мүгедектікке және бедеулікке әкелуі мүмкін.

Аурудың алдын алу үшін міндетті түрде жылына екі рет малды сарып ауруына  тексеріп, ауру анықталған жағдайда 15 күннің ішінде ауру малдың көзін жою қажет. Мал ұсталған жерге залалсыздандыру шараларын жүргізу керек. Себебі дезинфекциялық препараттар бактерияны түпкілікті жояды.

Сүт өнімдерін тек қайнатылған күйде пайдалану керек. Ауру қоздырғышы 100ºС  температурада 5 минут ішінде жойылады. Сүт өнімдерін заңсыз сату орындарынан немесе белгісіз адамдардан сатып алуға болмайды. Сондай-ақ малға күтім жасау кезінде шылым шекпеу және қарапайым жеке бас гигиенасын сақтау керек, яғни мал ұстайтын қорада болғаннан кейін қолды мұқият түрде жуу қажет.

Ақтөбе қалалық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button