Білім

 Тегін сынақ тапсыра аласыз

Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы сынақ тестілеуден онлайн әрі тегін өтуге болады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Тест тапсырушы сынаққа қатысу үшін prob-ent.testcenter.kz сайтында ЖСН-ін енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, онлайн сынақ ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. Мұғалімдер prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады.

Айта кетейік, биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, биылғы ҰБТ-да ерекше қажеттілігі бар тест тапсырушыларға 40 минут қосылады. Бұдан былай ҰБТ тапсырушыларға қорытынды балмен бірге тақырыптық талдау қорытындысы берілмек.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылында жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінетінін айтқан болатын.

Биыл Наурыздағы ҰБТ-да талапкерлердің 70 пайыздан астамы шекті балл жинаған.

«Ақтөбе-ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Back to top button